Домбыра күй шертпейді, сыр шертеді
Ұлттық аспаптардың бәрі қастерлі. Ал домбыра... Қадыр ақынша айтсақ: «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек ғана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана!»Қазақ халқының жер шарындағы мекендеген басқа ұлт өкілдерінен ерекшелігі, ол – өзінің ұлттық музыкасының болуы. Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық