12
декабрь
2022
№29 кітапханада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әдеби насихат пулы» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесу
12.12.2022 ж №29 кітапханада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әдеби насихат пулы» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуде ақын, филология ғылымдарының докторы, академик «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Жақып Бауыржан және жазушы , Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Қалибек Ғалыммен кездесу кешіне 10 сыныптар барып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып қайтты. 10 «Ә» сынып оқушылары Рафхатұлы Ернияз бен Советбек Аида ақындарға өзекті сұрақтар қойып, көрермен көзайымы болды. Сынып жетекшісі Тулегенова А.Н. оқушыларының белсенді білгірліктеріне тәнті болды.