Алматы қаласы Білім басқармасының
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024 жылғы 15 қаңтарда Әл –Фараби атындағы №145 мектеп- гимназияның базасында «Даналық мектебі» жобасы аясында «Әке – ұрпақ тірегі, елінің жүрегі» атты тақырыпта семинар өтті
15
январь
2024

2024 жылғы 15 қаңтарда Әл –Фараби атындағы №145 мектеп- гимназияның базасында «Даналық мектебі» жобасы аясында «Әке – ұрпақ тірегі, елінің жүрегі» атты тақырыпта семинар өтті

             2024 жылғы 15 қаңтарда Әл –Фараби атындағы №145 мектеп- гимназияның базасында «Даналық мектебі» жобасы аясында «Әке – ұрпақ тірегі, елінің жүрегі» атты тақырыпта семинар өтті. 


         Семинар мақсаты: бала тәрбиесінде, мамандық таңдауда  әкенің рөлінің зор екенін түсіндіру,  отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың отбасындағы және қоғамдағы жауапкершілігін арттыру. 


        Семинар барысында «Ата кәсібі- балаға нәсіп», «Әке дәстүрі- балаға аманат», «Әке көрген оқ жонар, химия оны қолданар», «Ғасырлық тарихы бар әкелер достығы», «Мамандық таңдаудағы әкенің рөлі» «Үлгі тұтар тұлға» тақырыбында сыныптан тыс іс шаралар  өткізілді.   Іс – шара барысында мектеп оқушылары әкелерімен бірге  түрлі сайыстарға түсіп, практика жүзінде өз кәсіптерінен  тәжірибелер көрсетті. Сонымен қатар, атадан балаға, баладан немереге жалғасқан әкелер достығының нағыз үлгісін  келер ұрпаққа көрсете отырып, достық сөзінің мән – мағынасының тереңдігін насихаттай білді. Химия пәнінде химиялық лабороторияда қызмет ететін әкелер химиялық   қоспалар арқылы тәжірибелер жасаса, физика пәнінде электр желісінің маманы өз қызметінің қызықты сәттері және өмірде қолдана алу жолдарымен бөлісті. Алғашқы әскери дайындық пәнінде ер балаларды ертеңгі ел қорғайтын ер, абыройлы әке, қадірлі отағасы,  ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке баулу, қыз балалар бойында адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту мақсатында  танымдық сабақ ұйымдастырылды. Танымдық сабақ барысында  оқушылар әскери мамандықты игерген әкелермен бірге автоматты шашып, қайта жинау өнерімен бөлісті және потриоттық әндер орындай отырып, жауынгерлік дайындықтарының алғашқы бастамаларымен таныстырды. Көркем еңбек пәнінде оқушылар әкелерімен бірге қыл арамен жұмыс жасау үлгісін көрсетті және пиографиялық  отпен жұмыс жасай отырып, модульдік станоктарда жұмыс жасау түрлерін насихаттады. Оқушылардың әкелері түрлі тапсырмаларды орындау арқылы өз баласының деңгейіне түсіп, балаларының көзімен мамандықты меңгеруге тырысты.

       Семинардың екінші бөлімінде келген қонақтармен «Әкенің рөлі» деген тақырыпта коучинг ұйымдастырылды. Коучинг барысында түрлі инновациялық әдіс – тәсілдер арқылы қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөліне баға берілді. Сондай-ақ, қатысушы- әкелер  «ата, әке тұлғасына» тән қасиеттер мен отбасы құндылықтары турасында ұсыныстарымен бөлісті. Әр сала қызметкерлерінің пікірлері маңызды, келешек ұрпақ тәрбиесіне алаңдайтынын, бей -жай қарамайтынның дәлелі екенін көрсете білді.   Естір құлаққа, көрер көзге тәрбиесі мол ер адамға қажет тағылымды көбіне атасынан, әкесінен үйренуге ұмтылатынын, жасында ұғынбағанды оның ер жеткенде түсіне қоюы екіталай екендігін, сондықтан, әрбір әке бауыр еті баласының қоғамдағы өз орнын қателеспей табуына ықпал ету керектігі, қыз бала болсын, ер бала болсын еңбекқор, намысты, әділ, патриот болу керектігі туралы ойларымен бөлісіп,  өз пікірлерін білдіріп, іс-шара соңында естелікке фотоға түсті.

      Семинарға аудандық мектептердің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинарға қатысушылар тарапынан аталған іс – шара жоғары деңгейде өтті деген баға берілді.   Айта кететін жәйт- Әл – Фараби атындағы №145 мектеп – гимназиясы биылғы жылы сейсмикалық тұрғыдан күшейту мақсатында күрделі жөндеуден өтті. Оқушылар 3 тоқсанды күрделі жөндеуден өткен және материалдық базасы кеңейтілген ғимаратта білім алуды бастады. Мектеп әкімшілігі мен мектеп   ата – аналары және мектеп оқушылары заманауи  үлгідегі жайлы  мектеп   ғимаратында білім алып жатқандары үшін Алматы қаласы әкімдігіне, Алматы қаласы Білім басқармасына және Жайлы орта басқармасына ризашылықтарын білдірді. 




.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив