Алматы қаласы Білім басқармасының
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Білім берудің мазмұнын, түрін және әдістерін жаңарту білім сапасын арттырудың басты шарты" онлайн семинар-практикумы
29
январь
2021

"Білім берудің мазмұнын, түрін және әдістерін жаңарту білім сапасын арттырудың басты шарты" онлайн семинар-практикумы

Әл Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бисенгалиев Болат Гинаятович

Дарынды баламен жұмыс

Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
             Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :
             •Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін сынып журналын зерттеу;
 •Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;
 •Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.
              Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты. Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. Осы тұрғыда мектеп психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет.
 Дарынды оқушыны диагностикалауды мына бағытта жүргізуге болады?
 -Оқушының креативті ойлауына;
 -Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне ;
 -Оқушының толеранттылығына;
 -Оқушының интуициясына;
 -Ол лидер ме ?
 -Өзін оқымысты деп бағалай ма?
 -Оқушының қызығушылығы;
 -Оқушының көңілінен шығатын іс-әрекеті;
 Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады .

Өз тәжірибемде төмендегі ережелерді басшылыққа алынды.
 • оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
 • Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
 • Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
 • Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
 • Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
 • Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
 • Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
 Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет,яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы, оқушы мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа алынуы қажеттігін түсіндім. Ол үшін өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу керектігіне көз жеткіздім.
 • оқушы дарындылығының моделін білу;
 • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
 • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
 • дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі қажет деп ойлаймын.
 Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. 

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
 • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
 • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
 • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
 дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
 • дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
 • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы. Қазіргі таңда дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары мынадай деп айтуға болады.
 Бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
 •Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін анықтадым;
 •Жан-жақты ақпаратты қабылдауын
 •Коммуникативті бейімділігін
 •Дарынды оқушының шығармашылық деңгейін;
 •Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы
 Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлері жоспарланды:
 
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құру;
 2.Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
 3.Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
 4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
 Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге баса назар аудару керектігін анықтадым;
 1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.
 2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.
 3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.
 4.Дарынды оқушылар үшін арнайы оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;
 Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардың ата-аналарымен де бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.
 - Ата-аналар күндерін ұйымдастыру;
 - Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға кеңес беру;
 Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, портфолиосы мен оқушылардың білім жетістіктері жинақталуы тиіс.

Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары
 Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.
 Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.
 И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті:
 
1. Ақыл –ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқалатын балалар.
 2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар,
 3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.
 Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
 Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала- ол кім?
 Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.
 1. Интеллектуалды және ақыл- ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан –жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.
 2. Бейнелеу өнері бар бала- сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
 3. Әнге қабілеті бар балалар- ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.
 4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.
 Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. 

Дарынды балаларды 3 категория арқылы тануға болады

1 категория – ой — өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар. 2категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар. 3 категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар. Бұл тек қана теориялық тұрғыдан алғанда. Ал күнделікті өмірде балалармен жұмыс түрлерін жандандарып, отыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқу жылы басталғанда –ақ таңдау пәндері мен үйірме жұмыстарының жоспарлары да сол дарынды балалардың, жалпы оқушылардың танымдылы-ғы мен қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын дамытуға арналып жоспарла-нуы қажет.
 Барлық жаңа технологиялардың алдымен қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру.
 Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше жан – жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру – мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі.
 “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Плутарх.  Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив