Алматы қаласы Білім басқармасының
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің 29.11-10.12 аралығында «Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!» атты онкүндігі
10
декабрь
2021

Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің 29.11-10.12 аралығында «Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!» атты онкүндігі

Әл-Фараби атындағы №145 ЖББ мектепте

 қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің

29.11-10.12 аралығында

«Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!»

атты   онкүндік іс-шараның ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараның ашылу салтанатында  мектеп директоры Таукенова Бейбіткүл Ясынқызы құттықтау сөз сөйлеп, онкүндікке   сәттілік жолдады.Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кіршібаева Р.А онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Мерекелік іс-шарада мектеп оқушылары  өздерінің жүрекжарды өлеңдерін  оқыды. Онкүндік ары қарай жоспар бойынша жүргізілді.

 


   Онкүндіктің жалғасын қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қалиақбарова А.О

 8 «В» сыныбында «Мамандық таңдау- маңызды іс» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа мектеп директоры  Таукенова Б.Я, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қойбағарова С.С, директордың  тәрбие   жұмысы жөніндегі орынбасары Кіршібаева Р.А,  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Тлеболдинова Н.И қатысты. 

 

 


«Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!»

атты  онкүндік  ары қарай жалғасын  1-11 сыныптар арасында Тұңғыш Президент күніне орай «МеніңТұңғыш Президентім» (1-4) « Елін сүйген –Елбасы»

 (5-9)

«Ел ертеңін ойлаған –Елбасы» (10-11) тақырыбында  ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Биылғы жыл - қазақ халқы үшін айрықша ардақтыМемлекетіміз үшін ең мерейлі жылБиыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отырТәуелсіздік - біздің абыройымызнамысымызСынып жетекшілер Табиев А.,Калиакбарова А.О., Тлеболдинова Н.И., Сайлыбаева А.,Шарғынова Ж. ашық тәрбие сағаттарын өткізді

Оқушылардың Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 5"Б" сыныбында "Біз- Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!" атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Отан, туған жер, Тәуелсіз ел туралы жүрекжарды лебіздерін айтып, жарқын болашаққа жетелейтін рухани азық алып, алтын ұя мектептің тәрбиесі мен біліміне кенелді. Тәрбие сағатына мектеп әкімшілігі мен жас мамандар қатысты



Сонымен қатар 30.11. күні Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Табиев А.М

 6 «В» сыныбында «Тарих қойнауында» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа   директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Манкентбаева Л. , директордың  тәрбие  жұмысы жөніндегі орынбасары Кіршібаева Р.А,  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Тлеболдинова Н.И ағылшын пәнінің мұғалімі 

Шакенова А.қатысты.  Сабақ жоғары деңгейде өтті.

 

 

07.12 күні мектепте 5-10 сынып оқушылары арасында «Жырлаймын, Тәуелсіздікті!»атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсатыоқу мәнерін меңгеруөлең сөзге деген қызуғушылықтарын арттыруСөйлеу мәдениетін қалыптастыруОқушылардың бойында патриоттық сезімдерін ояту.

  

 

Мәнерлеп оқу нәтижесі төмендегідей:

 Оқушының аты-жөні

сыныбы

Алған орны

1

Махамбет Ілияс

7 «А»

1орын

2.

Советхан Аружан

6 «Ә»

1орын

3.

 Арнурова Хадиджа

10 «Ә»

1орын

4.

Дәулетбекқызы Аяжан

6 «В»

2орын

5.

Бақыт Бектурған

5 «Б»

2орын

6.

 Нұрғали Аружан

6 «А»

2 орын

7.

Сарбасов Даниял

5 «Б»

3 орын

8.

 Советбек Аида

9 «Ә»

3орын

9.

Орынбек Диана

10 «Ә»

3орын




             02.12. күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шарғынова Ж.Т

 7 «А» сыныбында «Айтыс. Сүйінбай мен Қатаған айтысы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Манкентбаева Л.Б , директордың   тәрбие  жұмысы жөніндегі орынбасары Кіршібаева Р.А,  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Тлеболдинова Н.И және тағы да басқа пән мұғалімдері қатысты.  Сабақ өз дәрежесінде  өтті.

 

 

 

Онкүндік аясында 5- 11 сынып оқушылары №29 кітапханада ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға атсалысып, оқушылардың бойына патриоттық сезімдерін оятса, сонымен қатар оқушылар арасында «Кел, балалар, оқылық!», атты жиырма минуттық оқу жобасы бастау алды.    Болашақта жемісті боларына сенімдіміз.

 

 Кітап адам өмірінде, әсіресе, өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап- біздің рухани жан азығымыз

   Сонымен қатар,жоспарлы түрде    Президент күніне орай «Елімнің Тұңғыш Президенті», «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты тақырыпта  эссе,шығарма   байқауы өтті.Бұл байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жауапты ұстаздар Сайлыбаева Б.М, Кіршібаева Р.А,ОшановаА., Табиев А.М.


 Оқушының аты-жөні

сыныбы

Алған орны

1

Жомарт Жансая

10 «А»

1орын

2.

Қуанышева Дариға

10 «А»

1орын

3.

 Тоқан Айзере

10 «Ә»

3орын

4.

 Есенгулова Асель

10 «Ә»

 2 орын

5.

Советбек Аида

9 «Ә»

 2 орын

6.

Қайырбек Ақмаржан

 7 «А»

3орын

7.

Қыдырбай Камилла

 7 «В»

 3 орын

8.

Еген Айсел

6 «В»

2 орын

9.

Қаржаубай Асем

6  «В»

 2 орын

10.

 Өсен Аяулым

 6 «Б»

 3орын

11

 Үсенқызы Ұлдана

 6 «Б»

 3орын

12

Сейдували Ислам

6 «Ә»

1орын

13

 Жаңбырбай Мунира

6 «Ә»

2 орын

14

Советхан Аружан

6 «Ә»

2 орын

15

 Орынбасар Жаннура

6 «Ә»

3 орын

16

 Қайролаева Алуа

6 «Ә»

3 орын

17.

Абдисаттар Арсен

6 «Ә»

3 орын

18.

 Ұлтарақ Диас

 5 «В»

3 орын

19.

Балабек Әділжан

5 «В»

3 орын

20

Бекболат Дана

5 «В»

3 орын


 Пән мұғалімдері Сайлыбаева Б.М , Ошанова А .02.12.-06.12 аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тұғыры   биік- Тәуелсіздік!»атты суреттер байқауын ұйымдастырды. Суреттер нәтижесінің қорытындысы төмендегідей:

 Оқушының аты-жөні

сыныбы

Алған орны

1

Төлеубай Айғаным

5 «Б»

1орын

2.

Бексұлтан Бейбарыс

6 «А»

1орын

3.

Ерман Кәусар

6 «А»

1орын

4.

 Дауылбаева Самина

6 «Ә»

2орын

5.

Асанбай Алтынай

7 «А»

1 орын

6.

Құдайберген Мақсат

6 «Ә»

3орын

7.

Үсенқызы Айдина

 5 «Б»

2орын

8.

Төлеген Сабыржан

 5 «Б»

2орын

9.

Али Эсма

 5 «Б»

3орын






    Онкүндіктің жабылу салтанатында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаз сыныптар мен оқушылар мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қойбағарова С. С сөз сөйлеп,марапаттау қағаздарын табыстады.. Мұғалімдер мен оқушылар онкүндікте өткізілген іс-шараларға қызығушылықпен белсене қатысты. Оқушыларға терең біліммен қатар, саналы тәрбие беретін оқу ордасында бұл бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек. Онкүндік  ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгендіктен, оқушылардың бойына патриоттық тәрбие мен туған тіліміздің мәртебесін сіңіре білдік. Оқушыларға терең біліммен қатар, саналы тәрбие беретін оқу ордасында бұл бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек.



   Қорытындылай келе, қазақ тілі бірлестігінің игі іс-шаралары ары қарай жалғасын таппақ, болашақта олқылықтармен  жұмыс жасап,оқушылар арасында мәнерлеп оқу жарысы жүйелі түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Арнайы жоспар жасалынып, алдағы тоқсанда қолға алынады. Сонымен қатар, «Кел, балалар, оқылық! атты жиырма минуттық оқу жобасы ары қарай жалғасын таппақ.      Онкүндікте ұйымдастырылған іс-шаралар әлеуметтік желіде  жарияланып отырды.


Қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі:      Н.И. Тлеболдинова




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив