Алматы қаласы Білім басқармасының
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Семинар –коучинг
28
февраль
2022

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Семинар –коучинг

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»

Семинар –коучинг

Дарынды балалармен жұмыс мақсаты

  • дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту және оларға қолдау көрсету.
  •  дарынды тұлғаны дамытуда инновациялық технологияны қолдана отырып, озық жұмыс тәжірибесін қолдану

Міндеттері: 

Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру.

  • Шығармашылық жеке дарындылығын дамыту.
  •  Қабілеті ерекше оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету. 


Слайд көрсету


Дарынды оқушыларды қолдау

ҚР Білім туралы Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” мәселесі қаралған. Оқушының зерттеушілік, жобалаушылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады,билейді, өлең айтады,белгілі бір музыкалық құралда ойнайды,мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қабілет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қабілеттілік-адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тұрақтылықтың көрініс беруі.


Дарынды оқушылардың жол картасы

2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек» деді.  Осы мақсатта Үкімет тарапынан дарынды балалардың қабілетін дамытудың Жол картасын әзірледі. Жолдауда дарынды балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндіктер жасау керек деді. Осы ретте, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының 55-тармағын іске асыру мақсатында ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту мемлекеттік Жол картасында айқындалынды.


«Қабілет» түсінігінің ғылыми 3 негізгі көрсеткіші:

1.Қабілет-бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.

2.Қабілет-барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

3.Қабілет-нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.


Дарындылық

Дарындылық дегеніміз - адамның басқа адамдармен салыстырғанда бір немесе бірнеше қызмет түрлерінде адамның жоғары, көрнекті нәтижелерге жету қабілеттілігін анықтайтын бүкіл өмір бойы дамитын психиканың жүйелік сапасы.

Психологтардың, педиатрлардың, педагогтардың, спорт, көркем өнерінің және басқа мамандарының пікірлері және қазіргі зерттеулердің нәтижелері бойынша барлық бала дарынды немесе өзіндік жеке – дара ерекше қасиеті бар деген тұжырым бар.


Қабілет түрлері:

Интеллект, ғылыми жұмыстарға, спорт, көркем шығармашылық, музыка, техника, әдебиет, әртістік.


Дарын дегеніміз – адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамта білу қажет. 
 Мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірігіп, әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселесі толық шешпейтінімен, әр баланың қабілетін, болашақ бағытын анықтауға, оның дарындылығының дамуына мүмкіндік береді. 


Дарындылық түрлерін анықтайтын көрсеткіштер қатарына мыналар жатады:

1. Іс-әрект түрі мен оны қамтамасыз ететін психика салалары: тәжерибелі, танымдық, көркем - өнерге немесе рухани өмірге байланысты

2. Қалыптасу дәрежесі: нағыз (актуалды) мен әлеуетті  (потенциалды) түрі

3. Байқалу ерекшелігі: жалпы немесе арнайы салаға тән

4. Әр түрлі әрекеттердегі көріну кеңдігі: нақты немесе көптеген салада көрінеді

5. Жастық ерекшеліктері: жастайынан ерте не кеш дамыған қабілеттерге байланысты

Өмірде бұл түрлері қосарласып келеді.

Сонымен қатар дарындылықтың жеке түрлері  ерекшеленеді

Интеллектуалды дарындылық IQ

Әлеуметтік дарындылық (тұлғааралық қарым-қатынастарға икемділік, көшбасшылық, топ басқару кабілеті)

Эмоциялық дарындылық (эмоция тану, басқару, әсер ету) EQ

Академикалық дарындылық (білімділік, оқуға бейімділік)

Тұлғаның ішікі жандүниесін түсінуге байқалады (рефлексияға бейімділік, күйзелістерді талдау икемділігі)

Психомоторикалық дарындылық (ағзаның қабілеттілігі, спортта, биде, кеңістік ойлауда байқалады)

Креативтілік дарындылығы (шығармашыл)


Говард Гарнердің интеллект теориясы

Табиғи, тұлғаның ішкі жандүниесімен байланысты, көрнекі кеңістік, дене кинетикалық, музыкалық, лингвистикалық, адамдар арасындағы қарым-қатынас, логикалық-математикалық, экзистенциональдық


Дарындылықты анықтауда зерттеу негізгі бағыт бойынша жүреді

Дарындылықтың көріністері

  • Конгитивті көріністер
  • Тұлғалық көріністер
  • Түрткі көріністері (мотивациялық)
  • Әлеуметтік көріністері
  • Эмоциялық көріністер

Сыртқы әсерлер:

Мекен – жәй

Материалдық жағдай

Денсаулық

Баланың жынысы

Ата – аналар, ұстаздар, құрдастар

Ішкі әсерлер:

Өзіндік бағалау

Ерік жігері


Табиғи негіздер және әлеуметтік орта

«Дарындылық (нышандар), шеберлік (қабілеттілік), талант (әлеуеттердің көрінуі), данышпандық (жалпы дәүірдің дамуына әсер етуі), (гениальность)»  қабілеттер дамуындағы жоғары шындары. Даналық – өмірлік тәжерибенің иесі

Дарынды балалардың басқалардан айырмашылығы – ақпарат өндеу жылдамдығы басқаларға қарағанда өте жоғары болады. Және генотипке байланысты болады.

Дарында балалардың дамуына үлкен ықпал ететін әлеуметтік орта (отбасы, мектеп, құрдастары жалпы қоғам), сондықтан педагогикалық-психологиялық сүйемелду қажет етеді, себебі дер кезінде қолдау көрмеген баланың қабілеттері дамымай қалады.

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ

«Ағаштағы адамдар» әдісі. Пип Уилсон. Адаптация первоклассника

Баланың мектепте әлеуметтік – психологиялық бейімделуі. Э. Александровская. Мектепке бейімделудің сәттілігі

Балалардың мазасыздығын зерттейтін тест Р.Тэммл. Определение тревожности детей 4-7 лет

Баланың дарындылығын зерттеу сұрақнамасы. А. Лососева. Ақыл-ой, үлгерімі бойынша жетістіктері, шығармашылық, әдеби, әртістік, музыкалық, техникалық, қозғалыс, көркем, әлеуметтік және т.б. аймақтарды анықтайды.

«Адам суреті» проективті әдіс. Г. Харис. Ақыл – ойды диагностикалау

Эмоциялық ақыл-ой тест. С. Холл. Әдістеме эмоцияларда бейнеленген жеке қатынастарды түсіну және шешім қабылдау негізінде эмоционалды саланы басқару қабілетін анықтауға арналған.

"Дарындылық картасы "  әдістемесі. Савенков И.А Баладағы дарындылық түрлерінің басымдылығын зерттеуге арналған

Ақыл-ой деңгейін анықтау тесті. Р. Кеттел. Мінездің әртүрлі қасиеттерін анықтауға және жеке тұлғаның бейнесі қалыптастыруға мүмкіндік береді

Ойлау түрлері. Г.В. Резапкина. Ойлау түрлерін анықтау

Амтхауэр тесті. Р.Амтхауэр. Тест адамның интеллектісі туралы толық бейнені алуға мүмкіндік береді. Тест интеллекттің жалпы даму деңгейін ғана емес, оның жеке компоненттерін: ауызша, сандық және кеңістіктік ойлауды, логикалық қабілеттерді, зейінді, есте сақтауды, білім көлемін бағалауға арналған.


Нейропсихологиялық негіздер

Бала туылғанда 20 млдр. ми жасушасы болады екен.  Сол саны өмір бойы өзгермейді. Бірақ сапа жағынан мидағы өзгерістер болады. Үш жасқа дейін байланыстар  көп орнатылса соншалықты креативтілікте арта түседі.

6-8 жаста бастауыш сыныптарында алдынғы мен артқы ми бөліктер белсенділігі жиі байқалады. Ал 9 -10 жасқа келгенде мидың сол жартысы көбірек дамып келеді. 4 сыныпқа келгенде  (10-11 жас) сол жартысы мен оң жартысы тең жұмыстей бастайды.

Ұстаз талантты болса

Шәкірті талапты болады

Мұзафар Әлімбаев


Мұғалімдерді топқа бөлу. 

Геометриялық тест бойынша топтардың мінезін анықтау
 
 

Шаршы - ұйымдастырғыш, дәлдік, бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, бөлшектерге, ақпартқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, рационалист, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам. 

Үшбұрыш- көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, өз-өзіне сенімді шешім қабылдағыш, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынасы кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
 Тіктөртбұрыш- көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, 
көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, сенгіш, барлық жаңа қозғалыстарға қызығады, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз
 Шеңбер-қарым-қатынасты 
жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам. Күн тәртібі майыспалы, қоғамдық жұмыстарға бейім, тума психолог.

Зиг-заг-көңіл-күйі өзгеруге бейім, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл, креативті адам.





Әуелі бойыңда талант болсын 

Талантыңа талабың қанат болсын

Мұзафар Әлімбаев


«Дарынды балаға – талантты ұстаз» семинар – коучингтің мақсатын, міндетін хабарлау және дарындылық, қабілет туралы слайд көру

I тур:

Топтар қоржыннан тапсырма таңдайды. 

Тапсырмалар:

  • Дарындылықты анықтау. Постер жасау
  • Дарынды оқушының моделі. «ПОПС - формула»  әдісі 
  • Дарынды балалармен жұмыс. RAFT – әдісі
  • «Дарынды балаларға –дайын ұстаздар» Дарынды балалармен жұмыс жасайтын ұстаздарға кеңес. «Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі



 «ПОПС - формула»  әдісі 

П – (позиция) ұстаным, көзқарас

О – (обяснение или обоснование) түсіндіру немесе негіздеу

П – (пример) мысал

С – (следствие, суждение) нәтижесі немесе пайымдау


П - Біздің ойымша...

О - Себебі...

П - Біздер мұны келесі мысалдармен дәлелдей аламын...

С - Осыларға сүйене отырып, біз мынадай қорытындыға келдік...



RAFT – әдісін пайдалана отырып кейіпкерлер бейнесіне ену. Бұл өз бетімен шығармашылық жұмысқа жатады

Роль

Аудитория

Форма

Тақырып


Роль-қалмақ қызы

Аудитория-Баян

Форма-хат

Тақырып-кешірім

-Мен өмірде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін. Ноян бұл іске лажсыз көнді. Оны өлім ауызына өзім салдым. 

-Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін. Сіздің намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.



«Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі

А - сұхбат алушы, сұрақ қояды (журналист)

Б - жауап беруші (өзінің позициясын хабарлайды және әріптестеріне дарынды баламен қалай жұмыс атқару керектігі жөнінде ақыл, кеңесімен бөліседі...)

N - сұрақ жауаптарды жазып, анализ жасайды (сонымен бүгін №145 мектепте «Дарынды бала» тақырыбында іс-шара өткізіліп, мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісті. Біз болашақта...


II тур: Топпен ақылдасу, талқылау, белсенді әдіс-тәсілдер арқылы қорғау

Музыкалық үзіліс.


«Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді»

Пабло Пикассо


Салған суретіңіз сіз туралы көп нәрсе «айтып» бере алады!
 
 
Көбіне қандай суретті жиі саласыз? Психологтардың айтуынша, бұл сурет қандай адам екеніңізді дөп басып, ішкі сырыңыз бен көңіл күйіңізді дәл айтып бере алады екен.
 
Телефондағы ұзақ әңгіме кезінде, ұзақ-сонар жиналыстарға қатысқанда, қызықсыз лекцияда ойға шомып отырып алдыңыздағы қағазды шимайлап суретке, түрлі сызбаға толтырып тастайтын әдетіңіз бар ма?
 
 Психолог мамандарының айтуынша, бұл барлық адамға тән және еріксіз жүзеге асады. Мысалы, АҚШ президенті Джон Кеннеди әлдебіреумен сөйлесіп отырғанда қойын дәптеріне желкенді қайықты салғанды ұнатқан екен. Ал, А.С.Пушкин мұндай сәтте адамдардың суретін, Борис Ельцин қол астындағылармен жиын барысында тік сызықтарды сызған. 

Сіз ше? Парақ бетін немен толтырып тастайсыз?
 
 Психологтар еріксіз салынған бұндай сурет пен сызбалар адамның мінезінен, сол сәттегі көңіл күйінен, өмірге деген көзқарасынан ақпарат береді дейді.
 
 Үй, үй жиһаздары: Отбасы, сүйіспеншілік, тыныштық белгісі. Егер бұндай суреттерді бойдақ адам салса, жалғыздықтан жабырқаулы, бас құрауды армандап жүр. Ал, отбасылы адам салса, онда оның шаңырағында жылулық, махаббат, мейірімділік, жан тыныштығы жеткіліксіз. 

Адам, бет-әлпет: Көңіл күй белгісі. Жалпы, салынған адам суретіне қарап, оның авторының көңіл күйін білуге болады. Жасқаншақ, ынжық адам бет-әлпетке кекіл салуға құмар келеді. Сүйкімді адамның түрі айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынасты, ал қорқынышты адам бейнесі – әлдебіреуге деген реніштің, өкпе-наздың бар екенінен хабар береді. Жұрттың сөзін елемейтін, «айта берсін» деп өз дегенімен жүретіндер адамды құлақсыз салады. 

Көз: Қырағылық, байқампаздық, назар аудару белгісі. Айналасындағылардың өмірінде орын алып жатқан жайттарды, жаңалықтарды білуге құмар, ешнәрсені назардан тыс қалдырмайтын адамдар көздің суретін көп салады. Жұмулы немесе төмен қарап тұрған көз – біреуді, не әлдеңені көргісі келмеген кезде ғана емес, өзінің ішкі әлеміне, өз мәселелеріне үңілуді қаламағанда да салынады. Кірпіктері ұзын көз – жұрттың назарын өзіне аударғысы келеді. 

Ағаш, тал, орман: Сенімділік, күш-қуат белгісі. Жапырағы жоқ ағашты өзіне сенімсіз, маңызды шешім қабылдауда өзгенің пікірін, жақын адамдарының қолдауын қажет ететін адам, ал жапырақты ағашты өз-өзіне сенімді адам салады. Ағаш діңінің жуандығы – мол қуатты білдіреді. Егер салған суретте ағаштың тамыры жоқ болса, онда қорғаныңыздың, қалқан болар сенімді адамыңыздың жоқ болғаны. 

Күн: Жақын адамдардың мейірім, ықылас, жылылығының жеткіліксіздігінің белгісі. 

Бұлт, ай: Асқақ арман, бай қиял, көңіл тазалығы, мінез жұмсақтығы. 

Тау: Қарапайымдылық, биіктік, парасат, ақылдылық, білімділік, рухани байлық белгісі.

Гүл, өсімдік: Өсу, көбею, ұрпақ өрбіту және нәзіктік белгісі.
 
Өзен: егер ол солдан оңға қарай ағып жатса, келешекке ұмтылыс, ал оңнан солға қарай ағып жатса, аяқталмай қалған көп іс. Өзен арнасы түзу болса, мақсаттың нақтылығы, оған жете алуда сенімділік. Ал, иректеліп ағып жатса, шешім қабылдауда қиналыс, мәселені анық көре алмау.

Жүрек, қос жүрек: Ғашықтық, құлай сүйе білу, сүйікті болғысы келу. Жүрек іші боялса, онда сүйіктіңізге сенімсіздік белгісі. 

Автомобиль, самолет, кеме: саяхат 

Қолтаңба, өз есімі: Өзінің ішкі «мен»-імен арпалыс. Сондай-ақ, көпшіліктің назарында болуды қалау.

Жұлдыз, бесбұрыш: Оптимизмнің белгісі. Нендей жағдай туса да еңсесін жылдам тіктеп алатын адам. 

Әріптер мен сөздер: Армандау, аңсау, көксеу. Белгілі бір сөзді қоршап қойса, ол өзінің пікіріне сенімді, оны бәріне дәлелдегісі келеді. Сөздің астын бір немесе екі тік сызықпен сызса, ол бір істі бастауға бел буып отыр. Сөз асты ирек сызықпен сызылса, шешім қабылдай алмай қиналыста. 

Аң-құс, үй жануарлары: Қай жануардың суретін жиі саласыз? Бұл сіздің сол сәттегі мінезіңізді көрсетеді. Мысалы, қоян мен тиін – бұл мәселеде шешім қабылдауда қорқақтық, қасқыр мен жолбарыс – агрессия. Әлдебір қулықты ойлап отырған адам түлкіні бейнелейді. Жылқы – қызық думанды жақсы көреді, достары ол үшін бірінші орында. Жылан – томаға-тұйықтық және даналық белгісі.

Музыка нотасы: Музыкаға әуестік, жоғары талғам, таланттық белгісі. Шиыршық (спираль), ирек сызықтар: Қиыншылық, өткенді көп ойлау. Ирек сызықтар: Ойдың жан-жақтылығын көрсетеді. Болашағына ойша саяхат жасай алады. Әр қадамын ойланып басатын ой адамы. 

Жебе, бағыттаушы, нұсқаушы белгілері: Стратегиялық ойлау қабілеттің кеңдігі. Көздеген мақсат айқын. Іске кірісуге арнайы жоспар құрулы дегенді білдіреді.

Шимақталған сызықтар: Жан дүниеңіздің тұманданғаны.


Геометриялық фигуралар: Квадрат, үшбұрыш, ромбы секілді қырлы фигуралар – нақты, анық мақсат, жоғары сенімділік, қуаттылық. Сондай-ақ мінездің қатаңдығын, қаталдықты, табандылықты да көрсетеді.

Шеңбер: Мінездің жұмсақтығы және оқшаулық. Өзіне, ішкі әлеміне ешкімді жақындатқысы келмейтін, өзі туралы құпия сырды толық ашуды қаламайтын, өзге түгілі, ең жақын адамдарының да жеке өміріне, ісіне араласқанын ұнатпайтын адам шеңберді көп сызады. 

Түрлі өрнектер: Жалығу, қызығұшылық пен құштарлықтың жоғалуы. 

Шахмат тақтасы: күрделі мәселе, өзін-өзі іздеу, адасу мен шатасудан сақтану.

Тор: Тік және көлденең сызықтарды пайдалана отырып сызылған тор адамның жайсыз жағдайда екенін білдіреді. Тұйыққа тірелу, тығырыққа тап болу. Бір мәселеге алаңдау, одан қалай шығуды білмеу.

«Крест», Х: Біреудің алдында өзін айыпты, кінәлі сезіну. Дәрменсіздік. 

Сандар: Материалдық жағдайға алаңдау. Табысты қалай еселеуді немесе қарыздан құтылуды ойлау. 

Сызықтар: ашу, агрессия. Сызық қайта-қайта боялған болса, әлденеге қобалжулы, алаңдаулы екеніңізді білдіреді.

Жіңішке сызықтар – шаршау, қажу.


Бірақ, адамның салған суретіне қарап, оның бар болмысын білем деу қате. Әйтсе де, өзіңізді қызықтырған адамның әңгіме кезінде салған суретіне көз тастай отырып, оның сан салалы, көп қырлы мінезінен аз да болса ақпарат алуға болады. 


Топ мүшелері сурет салып біткен соң, суреттің «шешімін» жүргізуші хабарлайды


III тур: 

Жаңа форматтың балалары.Топтардың ауызша пікірін тыңдау


Z – ұрпағы немесе  центениалдар

1996 - 2003 жылдар аралығында туылғандар   «Санды адам»

Альфа ұрпағы. 

2010 жылы дүниеге келгендер.


Z – ұрпағы немесе  центениалдар

1996 - 2003 жылдар аралығында туылғандар  «Санды адам»

 «Z» немесе «зумерлер» дегеніміз - оқуын әлі аяқтамағандар. Олардың көпшілігі не мектепте, не университетке жақында түскен. Бұл жасөспірімдер - түсініксіз, қорқынышты, өз тілінде сөйлейтін, бүкіл өмірін гаджеттер мен Интернетпен өткізген. Бұл бала кезінен бастап Интернетті шарлап, адамдардың бір-бірінен ерекшеленетін және бір-біріне ұқсамайтынын көрген ұрпақ. Және бұл оларды сырттай емес, адамның ішкі жан дүниесін бағалай білуге үйретті. Толеранттылық, феминизм, позитивті болу - бәрі олар туралы, олар үшін бұл ұғымдар үйреншікті, олар үшін барлық адамдар тең. Адамзат тарихында ешқашан цифрлық әлемді Интернетсіз әлеммен салыстыра алатын, оның қарқынды дамуы нәтижесінде туындаған әлеуметтік және экономикалық қатынастар саласындағы оның барлық кемшіліктері мен депривацияларын бағалай алатын, өзінің жеке өмірлік тәжірибесі бар ұрпақ болмайды 

Альфа ұрпағы. 

2010 жылы дүниеге келгендер.

Альфа ұрпағы өздерін қызықтыратын бір уақытта бірнеше жұмыс істей алады. Балалар болашақтың қалай жұмыс істейтіні туралы интуицияға ие және өздері де осы болашақта пайдалы дағдыларды табады. Мүмкін, ата-аналар барлық білімі бойынша ең жақсы кеңес беруші болмауы мүмкін. Жаңа ұрпақ үшін дене бітімі ең бастысы. Себебі озық елдерде туылған балалардың 70% -ы жүз жылдан астам өмір сүреді. Батыс психологтарының айтуынша:  бүгінгі 7 жасар балалар интернетке дейін замандағы балалардан егде келеді. 10 жастағы баланы казіргі уақытта жасөспірім деуге болады. Олардың гормоналды деңгейі мен психикасы 20 жыл бұрынғы он төрт жасар балалармен бірдей деңгейде. Сондықтан, бұл балаларды зерттеп, болашақ өздерінің қолында екенін ұмытпау керек. Біз олармен бір тілде сөйлесу үшін және олар бізге динозаврлар сияқты қарамауы үшін жаңа технологиялар мен икемді дағдыларды меңгеруіміз керек. Ешқашан оларды жалпы негізге және стандарттарға бейімдеуге болмайды, өйткені бұл олардың басты жауы.


Альфа буыны - 2010 жылдан бастап 2025 жылға дейін туылған балалар. Олар 21 ғасырда дүниеге келген алғашқы ұрпақ. Олар iGeneration деп те аталады. Олар Мыңжылдықтың балалары.

Альфа буыны смартфондар мен планшеттерді табиғи түрде қолданады. Бұл балалар iPhone, iPad және қосымшаларымен бірге дүниеге келді. Олар оларсыз өмірдің қалай болғанын білмейді немесе елестете де алмайды.

Олар бұл батырмалардың не істейтінін білу үшін технологиядан немесе батырмаларды басудан қорықпайды. Альфалар оқу арқылы үйренеді.

Альфа ұрпағы үйде Siri, Alexa және Google Assistant дауыстарын естіп өсуде.

Альфалар әлемінде Жасанды интеллектпен және дауыстық көмекшілермен өзара әрекеттесу табиғи болып табылады.

Альфа буыны бір қызықты ұрпақ сияқты естіледі. Сегіз жасар үлкен Альфалар өздерінен бұрынғыларға қарағанда техниканы жақсы біледі. Олар алғашқы Альфалар жиырмалық жасқа толғанға дейін кең таралуы керек деп саналатын дамыған Жасанды Интеллектпен жұмыс жасай алады


Z-ұрпақты кейде "сандық ұрпақ", "цифр-адам" деп те атайды. Бұл ұрпақ көбіне балалық шағын компьютердің алдында, ойыншықтың орнына сандық гаджет ұстап өскен ұрпақ. Олар өзінің алдындағы ұрпақ сияқты материалдық құндылықты жоғары қоймайды. Креативті идея мен эмоцияға берілгіш келеді. Әрдайым мотивация қажет.

Бұл ұрпақтың өкілдері табиғатынан креативті, шығармашыл, идея тудырғыш, амбициясы жоғары келеді. Жаңа ортаға оңай бейімделеді. Жаңашылдықты тез қабылдайды. Орта, жер мен ел ауыстырудан қорықпайды. Барынша еркін жүргенді қалайды.

Бір қызығы, бұл ұрпақтың мінез-құлқы өзінен бұрынғы ұрпаққа тура қарама-қарсы. Егер Y-ұрпақ тұрақтылықты ұнатса, бұлар тұрақтылықты жақсы көре қоймайды. Жастар өте амбициялы. Ата-анасы сияқты карьералық жетістікке 10-20 жыл жүріп жеткенді қаламайды. Мансап баспалдағынан жылдам өткісі келеді. Тез жетістікке жетуді қалайды. Кейде жұмыс берушінің өзіне талап қоятын сәттері болады. Бірақ бұл ұрпақ басшы болуға аса ұмтылмайды. Бір емес, бірнеше жұмысты қатар алып жүргісі келетіндер көп. 


IV тур: Қорытынды.

 Топтар «4 сөйлем» тәсілі арқылы қорытынды жасайды.

  1. 1 пікір 1 сөйлемнен тұрады
  2. 2 дәлел. Пікірді сөйлеммен дәлелдеу. Көзқарасын логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу
  3. 3 мысал. Өмірден алыну керек.Ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасау.
  4. Қорытынды.Өзіндік пікірді тағы да бір пысықтап, қорытынды шешімді 1 сөзбен келтіру

Пікір, дәлел, мысал, шешім


Қорытынды

«Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылыстарына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырады»

Плутарх 

Міне, осындай келеңсіздікке жол бермеу керек. ҚР « Білім туралы заңында» мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер еңгізіліп отырғаны белгілі. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.  


Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салған Шоқан, Ыбырай, Абайлардың, ұлттың ұстазы болған Ахметтің, жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруда дарынды балалардың атқарары мол.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив