АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ мұражай-үйіне саяхат
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі - ұрпақ тәрбиесі. Халқымыздың болашағы – ұрпағы. Толыққанды азамат қалыптастыру үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, эстетикалық, тілдік қатынас, еңбек және экономикалық, патриоттық тәрбие беру қажеттігін заман өзі көрсетті. Осы орайда мұражайлар қызметі өте зор. Қазіргі таңда дүнежүзіндегі мұражайлар саны өте көп. Олардың ішінде өнер, ғылым, тарих, өнеркәсіп, әр түрлі соғыстар, табиғат, жан-жануарлар сияқты тек