Алматы қаласы Білім басқармасының
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 136 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРДІ
12
январь
2024

136 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРДІ

136 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРДІ

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 136 мың адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.

«ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі! және тұздардың ерігіштік кестесі компьютер экранында көрсетіледі. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейін, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.

Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив