Алматы қаласы Білім басқармасының
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға арналған жадынама «Қалай жақсы ата-ана болу керек?»
16
январь
2024

Ата-аналарға арналған жадынама «Қалай жақсы ата-ана болу керек?»

Ата-аналарға арналған жадынама
«Қалай жақсы ата-ана болу керек?»
Құрметті әкелер мен аналар!
Егер де, сіз тек қана бүгінгі күнмен емес, ертеңгі күнге де сеніммен қарайтын адам болсаңыз, бұл естелік балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.
Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Сондықтан бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
 
  1. Сіздің балаңыз бен отбасыңыз-өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
  2. Отбасы сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны «содан кейін» қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз.
  3. Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кеше дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз.
  4. Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол, сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін, сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
  5. Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз. Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл-күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
  6. Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.
  7. Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым-қатынас барынша жиі болуын қамтамасыз етіңіз.
  8. Жұмыстағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым-қатынасқа аудармаңыз.
  9. Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз.
  10. Күнделікте бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз.
  11. Егер де қолыңыз босай қалса, оның достарымен танысып, араласуға тырысыңыз.
  12. Кешіңізді теледидар көру, мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз.
  13. Балаңызды жан-жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, кешігіп қалмаңыз!
  14. Үйге кешігіп келгеніңіз немесе орындалмаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады.
  15. Балаңызды үйге жақын адамдарды тоса білу дәстүріне үйретіңіз. Мүмкін, бұл – әдемі, жүрекке жылы салт ретінде көрінер: үстелдегі әдемі салфеткалар, хош иісті тамақ, жақсы музыка және үйге кіріп келе жатырған ӘКЕ мен ШЕШЕ. Уақыт өте келе осындай дәстүрді қалыптастырған ата-аналар өздерінің есейген балаларын әңгімелесу үшін осылай күтіп отыратын болады.
  16. Балаңызды жарты сөзден тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз.
  17. Ол сізді құшақтауға ишарат білдіргенде одан безбеңіз, қол сілтемеңіз. Бұл оған күні бойына жаңа кездесулер, өзіне деген сенімділік, эмоционалдық қуат береді. Баланы бұл мүмкіндіктен айырмаңыз!
  18. Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың сізбен қарым-қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым-қатынасын үзесіз деген сөз! Есте сақтаңыз: бумеранг қайта айналып келеді!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив