Коммунальное государственное учреждение
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Версия для
слабовидящих
» » » «Жаңартылған білім беру жағдайында тарих және өзін-өзі тану пәндерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында әдістемелік семинар
15
декабрь
2021

«Жаңартылған білім беру жағдайында тарих және өзін-өзі тану пәндерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында әдістемелік семинар

 Әль-Фараби атындағы Общеобразовательная школа №145 тің қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік пән бірлестігінің ұйымдастыруымен  15.12.2021 күні 

«Жаңартылған білім беру жағдайында тарих және өзін-өзі тану пәндерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер»  тақырыбында мектепішілік  әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Койбагарова Сара Смадиловна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кіршібаева Райхан Ахметказықызы және мектептегі пән мұғалімдері мен жас мамандар қатысты.

       Семинардың мақсаты: Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді инновациялық оқытудың әдіс-тәсілдері   және оны сабақта пайдаланудың тиімді   жолдарын айқындау және жас мамандарға әдіс-тәсілдердің қолдану тиімділігін көрсету.

       Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Назарбаева Айсулу Пирмухамедовна  семинарды ашып, семинардың мақсаты мен күн тәртібіне тоқталды 

Бірінші болып сөз алған тарих пәнінің мұғалімі Аманбаева Шолпан Сарсеналиевна 

«Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері екенін атап өтті. Сабақтың басында, ортасында, соңында пайдалануға болатын әдіс-тәсілдерге тоқтала отырып, слайдтар арқылы түсіндіріп өтті. Ұлы данышпан Әбу Насыр әл-Фараби «Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз» деп атап көрсеткендей , тарих сабағын оқыта отырып, жаңа инновациялық   технологияларды тиімді пайдаланып, өзіндік жұмыс және тарихи диктант, тірек сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар,  пікірталас, сынақ осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданған тиімді екенін атап өтті.  

     Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері  Саудабаева Асем Толеухановна мен Шакиева Жанымкан Баратовна  "Өзін-өзі тану пәнін өзге пәндермен интеграциялау» және  "Өзін-өзі тану пәнін оқытуда қолданылатын тиімді тәсілдер" тақырыбында өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері мен сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды.  «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: жағымды көңіл-күй, тыныштық сәті, оқиғалар айту, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс.  Пән мұғалімдері семинарға қатысушыларға тыныштық сәтін музыка қою арқылы көздерін жұмғызып, табиғат аясына жетеледі және ән айтқызып, топпен ән айту әдісін де оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлайтынын жеткізді. Семинар барысында жалпыадамзаттық құндылықтар туралы мағлұматтар беріліп, ситуациялық сұрақтар арқылы жағдаятты жалпы адамзаттық   құндылықтар негізінде  шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар жас мамандарға өз пәндерін өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау жолдары ұсынылды.    

Тарих пәнінің мұғалімдері  7-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты» сабағында берілген 4 сағаттың алғашқы екі сабағында  «Қазақ хандығының ішкі саяси  жағдайын талдау»  деген бірінші  мақсатын  ашуда  жас мамандар Юсуп Асия Данешқызы мен  Жанзакова Айгерим Кудайбергеновна   тәсілдерді тиімді пайдаланудың  жолдарын слайдтар көрсету арқылы  айтып өтті.

Юсуп А.Д. жаңа ұғымдармен жұмыс істеу кезінде «Ұғымдардың мағынасын табайық», мәтінмен жұмыс жасауда «ақпаратты бөлісейік» , «Орнын тап» кестесімен жұмыс жүргізу әдістеріне тоқталды. Кері байланыста «Бес саусақ» әдісінің тиімділігін нақты айтып өтті. Жанзакова  Айгерим «Креативті матрица» , «Тірек мәтін» әдісі арқылы тақырыпты оқушылардың тез меңгеруге болатынын түсіндіріп өтті. 

   Осы аталған сабақтың 3-сабағындағы  Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау мақсаты бойынша тарих пәнінің мұғалімі Назарбаева А.П.   сабақтың мақсатын оқу жоспарына сәйкес барлығы , көпшілігі, кейбірі меңгеруге тиісті мақсатты атап өтті. 7-сыныпта бұл сабаққа 4 сағат беріліп, бұл 3-сабағы болғандықтан оқушылар  «БББ» кестесінің бірінші графасын жақсы толтырып, не білгісі келетінін де анықтай алатынын, сол сияқты сабақтың соңында соңғы графаны толтыратынын, бұл әдіс оқушылардың сабақтың басында  білсем деген мақсат қоя отырып оқуға ынталандыратынын айтты. Сабақтың ортасында оқушыларды санау әдісі арқылы 3 топқа бөле отырып, Абылай ханның жүргізген саясаты жайлы  түрлі цитаталарды ұсынып, кластер жасату әдісін, 2-топқа мәтін ұсына отырып, Абылай ханның жүргізген ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын, ерекшелігін анықтатып «Венн диаграммасын» (кесте де болуы мүмкін) толтырту, 3-топқа оқулық пен қосымша деректерді пайдалана отырып, Абылай ханның дипломатиялық саясатына баға беру тапсырмаларын ұсына отырып, оқушыларға топта жұмыс жасағанда қоланған тәсілдердің тиімді тұстарын ашып көрсетті.

      «Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты» сабағының 4-сабағын мектебіміздің   тәжірибелі ұстазы, тарих пәнінің мұғалімі Кадирова Күланда «Топшылау» сабағында көрсетті. Топшылау сабағының мақсатына тоқталды:

  1. Сабақтың барысында оқушының көңілін ашып, жүрегін тербеу.
  2. Бұрынғы білімнің үстіне жаңа білім қосып өз ойын топшылауға дағдыландыру.
  3. Ұлтжанды етіп ұлт ісіне аянбай кірісетін азамат етіп тәрбиелеу.

«Топшылау» сабағында  оқушылар  «Бастауыш», «Баяндауыш», «Анықтауыш», «Толықтауыш», «Пысықтауыш» деген топтарда жұмыс жасайтынын және мұнда әр сөйлем мүшелерінің сұрақтарына жауап іздейтінін, нәтижесінде Абылайдың Қазақ хандығының аса көрнекті  саяси және мемлекет қайраткері  екендігі дәлелдеетінін атап өтті.  

 Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, семинарға қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Семинарға қатысқан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Койбагарова С.С мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кіршібаева Райхан Ахметказықызы семинардың өтілуі жайлы жылы лебіздерін білдіріп, оң бағасын берді. Семинарға қатысқан басқа пән мұғалімдері тарапынан да жоғары бағаланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив