Тарихымыз - №145 Гимназия http://145-kaz.alschool.kz/ ru Тарихымыз - №145 Гимназия DataLife Engine Әбу Насыр әл-Фараби http://145-kaz.alschool.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/2502-bu-nasyr-l-farabi.html http://145-kaz.alschool.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/2502-bu-nasyr-l-farabi.html https://www.instagram.com/tv/Ce0XOoqDLyz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=​​​]]> https://www.instagram.com/tv/Ce0XOoqDLyz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=​​​]]> admin Thu, 16 Jun 2022 16:11:59 +0600 Абу-Насыр Әль-Фараби 1150 жыл http://145-kaz.alschool.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/2501-abu-nasyr-al-farabi-1150-zhyl.html http://145-kaz.alschool.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/2501-abu-nasyr-al-farabi-1150-zhyl.html


[media=https://www.instagram.com/tv/Ce0XOoqDLyz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=]

]]>


[media=https://www.instagram.com/tv/Ce0XOoqDLyz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=]

]]>
admin Thu, 16 Jun 2022 16:01:26 +0600
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ мұражай-үйіне саяхат http://145-kaz.alschool.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/2263-ahmet-bajtrsynlyny-mrazhaj-jne-sajahat.html http://145-kaz.alschool.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/2263-ahmet-bajtrsynlyny-mrazhaj-jne-sajahat.html

  Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі -  ұрпақ тәрбиесі. Халқымыздың болашағы – ұрпағы. Толыққанды азамат қалыптастыру үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, эстетикалық, тілдік қатынас, еңбек және экономикалық, патриоттық тәрбие беру қажеттігін заман өзі көрсетті. Осы орайда мұражайлар қызметі өте зор. Қазіргі таңда дүнежүзіндегі мұражайлар саны өте көп. Олардың ішінде өнер, ғылым, тарих, өнеркәсіп, әр түрлі соғыстар, табиғат, жан-жануарлар сияқты тек белгілі бір тақырыпқа ғана арналған мұражайлар бар. Осындай тарихнамадан кейін қазіргі таңда, әр ұлтқа өзінің ғасырлар бойы жиналған тәжірибесі мен білімін сақтап, ұрпақтарына қалдыру үшін, Ахмет Байтұрсыновтың Мұражай-Үйін оқушыларға таныстыру мақсатында, мектебіміздің оқушылары ұстаздарымен мұражайға барып,  қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекенжайды көріп қайтты. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынов 1934 жылдары тұрған. Мемлекеттік деңгейде құрылған арнаулы комиссия шешімімен мұражай-үй бұрынғы қалпына келтірілді. 1998 жылы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай мұражай-үй күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпын тапты. Мұражай-үйдің бөлмелерінде орналастырылған заттардың көбісі жақын-туыс жанашырларынан алынған. Онда Байтұрсынов өміріне байланысты мұрағаттық материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар қойылған. Байтұрсыновтың тұрмыс-тіршілігі мен шығармашылығына байланысты жиһаз-бұйымдар мен құжаттардың бір тобы Торғайдағы мұражай-үйінде сақталған екен. 


]]>
]]> admin Sat, 19 Dec 2020 16:46:19 +0600
ТЕАТР – КӨРЕРМЕНГЕ РУХАНИ АЗЫҚ! http://145-kaz.alschool.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/2259-teatr-krermenge-ruhani-azy.html http://145-kaz.alschool.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/2259-teatr-krermenge-ruhani-azy.html

  Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір орын – театр. Театр – өмірдегі түрлі жағдайларды сахналандыру, өмір шындығын көрерменге қойылым арқылы жеткізу.  Ондай актерлік шеберлік кез келген адамның бойында бола бермейді. Ал өткен тарихымыз жанды бейнеде сомдалатын театр әртістерінің қойылымдарына, біз  жастар қауымын қаншалықты жиі көрсетіп жүрміз? Әрине жауыр болған тақырып десек те болады. Дегенмен, театр – нағыз тәлім-тәрбие мен тағылымның ортасы. Техникаға телмірген баланың бойына рухани байлықты   азық етіп, сахнаның ауасын сағынтып, өнерге шөлдейтіндердің санын көбейтсек, киелі өнердің ордасына бас сұққан бала мәдениетті де үйреніп, өмірді де көреді. Ақ пен қараның, арпалысып жатқан заманның ащы шындығын біліп, ара жігін ажырата алады. Керегін алады да, көңіл сүзгісінен саралап өткізіп, керексізін кері ысырады. Сол себепті де мектеп табалдырығында жүрген жас жеткіншектеріміздің театр қойылымдарына қызығушылығын арттырумыз қажет деп ойлаймын. Осы мақсатта мектебіміздің мұғалімдері, оқушылардың рухани азық алуына бағыт-бағдар беріп, қаламыздағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалармен жасөспірімдер театры мен М.Әуезов атындағы театрға балаларды  апарып, классикалық өнер туындыларын тамашалап қайтқан кездерінен естеліктеріміз бар.



]]>
]]> admin Sat, 19 Dec 2020 15:08:16 +0600