Оқушыларға - №145 Гимназия http://145-kaz.alschool.kz/ ru Оқушыларға - №145 Гимназия DataLife Engine "Зерде" ғылыми жоба байқауы http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/2827-zerde-ylymi-zhoba-bajauy.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/2827-zerde-ylymi-zhoba-bajauy.html Біздің мектептен 21 оқушы қатысты. Оның ішінде төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды: 
1) Қанат Аянат (10- сынып) - І орын (орыс тілі мен әдебиеті) Жетекшісі: Амиралиева Г.
2) Құрманғазы Көркем (10- сынып) - І орын (қазақ тілі мен әдебиеті) Жетекшісі: Табиев А. 
3)Төленбай Жансезім (11-сынып)- ІІ орын (биология) Жетекшісі: Акылбаева А.
4)Жексебай Алуа (10 -сынып) - ІІІ орын (биология) Жетекшісі: Акилбаева А.
5)Аманбек Аруна (9 -сынып)- ІІІ орын (биология) Жетекшісі: Қалиев М.
6) Жолдасбек Жансұлу (11-сынып)- ІІ орын(математика) Жетекшісі: Дүбірова Ш. 

‼️ Қалалық кезеңге жолдама алған оқушылар:

2) Құрманғазы Көркем (10- сынып) - І орын (қазақ тілі мен әдебиеті) Жетекшісі: Табиев А

]]>
Біздің мектептен 21 оқушы қатысты. Оның ішінде төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды: 
1) Қанат Аянат (10- сынып) - І орын (орыс тілі мен әдебиеті) Жетекшісі: Амиралиева Г.
2) Құрманғазы Көркем (10- сынып) - І орын (қазақ тілі мен әдебиеті) Жетекшісі: Табиев А. 
3)Төленбай Жансезім (11-сынып)- ІІ орын (биология) Жетекшісі: Акылбаева А.
4)Жексебай Алуа (10 -сынып) - ІІІ орын (биология) Жетекшісі: Акилбаева А.
5)Аманбек Аруна (9 -сынып)- ІІІ орын (биология) Жетекшісі: Қалиев М.
6) Жолдасбек Жансұлу (11-сынып)- ІІ орын(математика) Жетекшісі: Дүбірова Ш. 

‼️ Қалалық кезеңге жолдама алған оқушылар:
1) Қанат Аянат (10- сынып) - І орын (орыс тілі мен әдебиеті) Жетекшісі: Амиралиева Г.
2) Құрманғазы Көркем (10- сынып) - І орын (қазақ тілі мен әдебиеті) Жетекшісі: Табиев А

]]>
admin Tue, 16 Jan 2024 23:22:57 +0600
АБАЙЛА, МҰЗ! http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/2829-abajla-mz.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/2829-abajla-mz.html admin Tue, 16 Jan 2024 23:22:28 +0600 Құттықтаймыз! http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/2826-ttytajmyz.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/2826-ttytajmyz.html ]]> ]]> admin Tue, 16 Jan 2024 23:17:38 +0600 Абайлаңыз, жұқа мұз! http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/2830-abajlayz-zha-mz.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/2830-abajlayz-zha-mz.html

]]>

]]>
admin Mon, 15 Jan 2024 23:26:05 +0600
136 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРДІ http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/bt/2838-136-my-adam-atar-ajynda-tetn-bt-a-atysu-shn-tnsh-berd.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/bt/2838-136-my-adam-atar-ajynda-tetn-bt-a-atysu-shn-tnsh-berd.html 136 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРДІҚаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 136 мың адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.

«ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі! және тұздардың ерігіштік кестесі компьютер экранында көрсетіледі. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейін, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.

Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

]]>
136 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРДІҚаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 136 мың адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.

«ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі! және тұздардың ерігіштік кестесі компьютер экранында көрсетіледі. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейін, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.

Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

]]>
admin Fri, 12 Jan 2024 23:48:43 +0600
ҚҰРМЕТТІ ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУШЫЛАР! http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/bt/2821-rmett-atar-ajynday-bt-a-atysushylar.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/bt/2821-rmett-atar-ajynday-bt-a-atysushylar.html
⚜️ Сіздерге ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-ҒА ҚОСЫМША ОРЫНДАР бүгін сағат 17:00-де ашылатынын хабарлаймыз!

Сондай-ақ ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Мұқият болыңыздар! Сәттілік!

 ⚜️⚜️⚜️⚜️

🇰🇿 УВАЖАЕМЫЕ УЧАСТНИКИ ЯНВАРСКОГО ЕНТ!

⚜️ Хотим сообщить, что сегодня в 17:00 будут доступны ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЕ МЕСТА НА ЯНВАРСКОЕ ЕНТ!

Также прием заявлений на ЕНТ продлится до 11 января (включительно).

Будьте внимательны! Удачи! Sayasat NurbekҰлттық тестілеу орталығы ҚР ҒЖБМ

admin Mon, 08 Jan 2024 22:53:05 +0600
ҰБТ-ның 2024 жылғы өзгерістері http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/bt/2837-bt-ny-2024-zhyly-zgerster.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/bt/2837-bt-ny-2024-zhyly-zgerster.html

ҰБТ форматындағы өзгерістерді түсіну - қиын емес. Тек осы мақаланы соңына дейін оқу қажет.

      Тестілеу форматы өзгерген жоқ. Ескіше 120 сұрақ, 140 балл. 3 міндетті және 2 таңдау пәндері бойынша, таңдаған бағыт бойынша тапсырады. 
 
      2014 жылдан кейін тек, 2017 жылы өзгерістер енгізілді. Мысалы, таңдау пәндері бойынша балл саны 25-тен 40-қа өсіп, сұрақ саны 30-ға жетті. Бұл оқушының өзі таңдап отырған бағытқа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік берді. Себебі, міндетті пәннен шектік балл 20-дан 7 еді. 
 
      Осы өзгерістен кейін, 2021 жылы кішкене өзгерді. Таңдау пәніне көп мән беріліп, сұрақ санын 35-ке, ал ұпай санын 45-ке өсірді. Бірақ, жалпы балл 140 болып қала берді. Себебі, "Қазақстан тарихы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен 5 сұрақ пен балл саны алынды.
 
      2023 жылы түлектерді сұрыптау мақсатында "Математика-Информатика" бағытын қосты. Себебі, "Ақпараттық технологиялар", "Ақпараттық қауіпсіздік" пен "Информатика пәні мұғалімдерін даярлау" мамандарын бөліп шығару қажет болды. Еліміздің мақсаты - осы бағыттар бойынша жақсы мамандар даярлау.
 
      ҰБТ-ға қатысты соңғы жаңалықтар, ол - таңдау пәндері. Бейіндік пәндердің сұрақ санын 40-қа, ал балл санын 50-ге өсіріп отыр. Бұлай жасалу себебі, ол - тапсырушы түлек дайындығын жеңілдету және жастардың еліміздің тарихын ұмыттырмау. Мақсатты іске асыру үшін "Қазақстан тарихы" пәнінен 20 балл мен сұраққа өсіріп, ал "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен сұрақ санын 10-ға дейін, балл санын да 10-ға кемітті.
 
      Жаңа өзгерістер еніп, ҰБТ жүйесін тапсырушы түлекке ыңғайлап, мемлекет дамуда. Өзгерістер елдің барлық бөлімдерін де жүруде. Мысалы, 2018-дің түлегі ҰБТ-ға дайындалу үшін бірнеше сағат жол жүруі тиіс еді. Ал қазір, елдің кез-келген бөлігінен, үйінде отырып-ақ дайындала алады, яғни өзінің уақытын, энергиясын, ақшасын жолға емес, білімін шыңдауға жұмсай алады.

admin Wed, 03 Jan 2024 23:44:28 +0600
ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/bt/2822-atar-ajynday-bt.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/bt/2822-atar-ajynday-bt.html 🎓Құрметті достар!
💻Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады. 
📲Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO  қосымшасы арқылы жүргізіледі. 
⏳Тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
💡Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
✅Қалауы бойынша жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
✅Жоо-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
✅Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
✅Жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.
💸Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.
📍Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды. 
👏Сәттілік!

]]>
🎓Құрметті достар!

admin Fri, 29 Dec 2023 22:55:26 +0600
Мектеп бітіру кеші http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/2712-mektep-btru-kesh.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/2712-mektep-btru-kesh.html ]]> ]]> admin Fri, 30 Jun 2023 17:23:36 +0600 022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/2691-022-2023-ou-zhylyn-ajatau-zhne-orta-blm-beru-jymdarynda-blm-alushylardy-orytyndy-attestattaudan-tkzu-merzmdern-bektu-turaly.html http://145-kaz.alschool.kz/oushylara/2691-022-2023-ou-zhylyn-ajatau-zhne-orta-blm-beru-jymdarynda-blm-alushylardy-orytyndy-attestattaudan-tkzu-merzmdern-bektu-turaly.html 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 сәуірде № 32275 болып тіркелді

     "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталсын.
      2. 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізілсін.
      3. 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізілсін.
      4. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
      9 (10)-сынып оқушылары үшін:
      1) қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі бойынша (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
      2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
      3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
      4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;
      11 (12) сынып оқушылары үшін:
      1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
      2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
      3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
      4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
      5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым.
     5. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары осы бұйрықтың, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының талаптарына сәйкес оқу жылының аяқталуын қамтамасыз етсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген).
      6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
      8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев
]]>
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 сәуірде № 32275 болып тіркелді

admin Sat, 15 Apr 2023 10:35:16 +0600