Басты қызметтік міндеттер | - Мұғалімдердің функционалдық міндеттері: - білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді; - оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, жеке қабілеттердің, білім алушының ашылуына және дамуына ықпал етеді; - оқушыны ұстазға деген құрметпен қарауға тәрбиелейді, мұғалімге сыпайы түрде аты-жөні мен әкесінің атын айтып немесе «мұғалім/учитель» деп тікелей үндеу арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді; -оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын пайдаланады; - пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды, бөлім бойынша жиынтық бағалауға және тоқсанға жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастырады; - бөлім бойынша жиынтық бағалау және ескертулермен тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдау жүргізеді; - журнал толтырады (электронды); білім алушылардың және тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-әрекеттік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді; - оқу жоспарларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және енгізуге қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді; оқушылар, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерттейді; - инклюзивті білім беруге жағдай жасайды; - ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып оқу бағдарламаларын бейімдейді; арнаулы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша жоюға бағытталған білім алушыларды, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді; - интерактивті оқу материалдарын және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, сабақ өтеді; - әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер бірлестіктерінің, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; ата-аналарға арналған кеңестерге қатысады; - ата-аналарға кеңес береді; - кәсіби құзыреттілігін арттырады; - қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелерін сақтайды; - оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; - ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтасады; - білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін құжаттар тізбесін толтырады; - білім алушылар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық принциптерін қалыптастырады. Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңы», «Әлеуметтік «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және коррекциялық қолдау», Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер; - оқу пәнінің мазмұны, оқу үрдісі, оқыту және бағалау әдістері; - педагогика және психологияны; - пәнді оқыту әдістемесін, оқу-тәрбие жұмысын, оқу құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; - педагогикалық этика нормаларын; - оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелердің жабдықталуына қойылатын талаптарды; - құқық негіздерін және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, экономиканы; - еңбек заңнамасының негіздерін, қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғау ережелерін, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормаларын. |
3 | Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары, бекітілген мұғалімдердің типтік біліктілік сипаттамалары | • жоғары педагогикалық білім; • педагог-зерттеуші, педагог- шебер біліктілік санатының болуы; - педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы; |