18
март
2025
"Бұрымды қыз" танымдық тәрбие сағаты
"Бұрымды қыз" танымдық тәрбие сағаты 🌸
18 наурыз күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 3 "Б" сыныбында "Бұрымды қыз" тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Куниязова Д.К. ұйымдастырып, оған оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысты.
Шара барысында қазақ қыздарының сұлулығы мен тәрбиесінің символы саналатын бұрым туралы айтылып, оның күтімі мен маңыздылығы жайында қызықты мәліметтермен бөлісілді. Оқушылар мен ата-аналар ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеуге арналған түрлі тапсырмаларға қатысып, әсерлі пікірлерімен бөлісті.
Бұл іс-шара қыз баланың әдептілігі мен сұлулығын дәріптеумен қатар, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға бағытталды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! 💐✨

Видео