20
март
2025
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік концерт өтті

Күн мен түн теңеліп, табиғат түлеген шақта, көктемнің жаршысы – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай мектебімізде «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілер көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық киіммен сахнаға шыққан мектеп мұғалімдерінен құралған ансамбль Наурыз рухын сезіндіретін ән орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Салтанатты кештің шымылдығы дәстүрлі шашумен ашылып, көрерменге ақ бата мен ақжарма тілектер жолданды.
Мектеп-гимназия директоры Нұрғали Мұхитұлы барша ұжымды, ата-аналар мен оқушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа жылдың жарқын жаңалықтарға, толағай табыстар мен берекелі сәттерге толы болуын тіледі.
Көңілді кеш көпшілікке керемет әсер қалдырды. Ұлттық құндылықтар дәріптеліп, татулық пен бірлікке толы Наурыз рухы сезілді.