Тілдер бірлестігінің онкүндігі
Онкүндіктің негізгі мақсаты – оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сондай-ақ тіл пәндеріне деген қызығушылығын күшейту арқылы олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Сонымен қатар, көптілділік ортада еркін қарым-қатынас жасауға бейімдеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты әрі жүйелі жеткізу дағдыларын жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және пән мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау болып табылады.
Өткізілген сабақтарда мұғалімдер заманауи педагогикалық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ мақсаттарына толықтай қол жеткізді. Сабақ барысында саралап оқыту, жұптық және топтық жұмыс, ойын элементтері, АКТ құралдары жүйелі пайдаланылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
Оқушылардың белсенділігі жоғары болып, өз ойын еркін жеткізуге, пікір алмасуға және бірлескен жұмысқа дағдылануы байқалды. Шығармашылық және танымдық қабілеттері жан-жақты дамытылып, функционалдық сауаттылықтары қалыптасты.
Ашық сабақтардың мазмұны оқу бағдарламасына сай құрылып, сабақ құрылымы нақты жоспарланған, мақсат-міндеттері айқын болды. Әдістемелік талаптар толық сақталып, кері байланыс, бағалау және рефлексия кезеңдері тиімді ұйымдастырылды. Сабақтар педагогикалық талаптарға сай, нәтижелі әрі сапалы деңгейде өтті.
Жалпы, Тілдер бірлестігінің онкүндігі жоспарға сәйкес, ұйымдастыру деңгейі жоғары және әдістемелік тұрғыдан тиімді өтті.