08
январь
2026
Педагогикалық идеялар фестивалінің республикалық
Мектебіміздің химия пәні мұғалімі Балапан Бекзада Серікболқызы Педагогикалық идеялар фестивалінің аудандық және қалалық кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Білікті ұстазымыз республикалық кезеңде Алматы қаласының намысын абыроймен қорғап, Қазақстанның барлық облыстарынан жиналған үздік педагогтер арасында жоғары кәсіби шеберлігін дәлелдеді.
Нәтижесінде Бекзада Серікболқызы республикалық деңгейде 4-орын иеленіп, үлгілі әрі жаңашыл жұмысы үшін мақтау грамотасымен марапатталды 👏
Бұл жетістік – ұстаздың тынымсыз еңбегі мен шығармашыл ізденісінің жемісі, мектебіміз үшін үлкен мақтаныш! Ұжым атынан Бекзада Серікболқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шәкірттерге білім беруде биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!