«ҰБТ және мамандық: Дұрыс таңдау – жарқын болашақ!»
«ҰБТ және мамандық: Дұрыс таңдау – жарқын болашақ!» 19 ақпан күні мектеп-гимназиямызда 11 сынып ата-аналары жиналысы өтті.Мақсаты: Ата-аналарға қаңтар ҰБТ нәтижелерін талдау, наурыз ҰБТ-ға дайындық стратегияларын ұсыну, мамандық таңдауға бағыт беру. Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мен тиімді дайындық әдістерін талқылау арқылы ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту. Баланың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесіп, ата-аналардың қолдауын арттыру.