Коммунальное государственное учреждение
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Версия для
слабовидящих
» » » Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылындағы 22.11-26.11.2021 аралығында «Бастауыш-білім бастауы» атты семинарының есебі
26
ноябрь
2021

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылындағы 22.11-26.11.2021 аралығында «Бастауыш-білім бастауы» атты семинарының есебі

  Әл-Фараби атындағы №145 жбб мектептің бастауыш сынып бірлестігінің          22.11-26.11.21аралығында «Бастауыш-білім бастауы» атты апталықта     жүргізілген жұмыстар есебі.

Мақсаты: Дамыта оқыту арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.Оқыту,тәрбиелеу барысында жаңа технологияларды пайдалана отырып,оқушылардың білім деңгейін көтеру.Жаңа техологиялардың  ерекшеліктерін оқып үйретіп,тиімді пайдалану жолдарын арттыру.

Міндеттері: Тәрбие,білім берудің жаңа бағдарламаларын,оқу жоспарын жетілдіру.Мұғалім мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға баулу.Шығырмашылық жұмыстар мен кітап оқу мен сауатты жазуға баулу.

   Оқу жылы басында бастауыш сынып бірлестігінің кезекті отырысында сыныптардың жылдық жоспары құрылып,талқыланып,мектеп әкімшілігінде бекітілді.Жылдық жоспар бойынша бастауыш сыныптар арасында                       22.11-26.11.21ж «Бастауыш-білім бастауы» атты апталықта іс-шаралар атқарылды.22.11.2021 күні «Бітіп жатқан бұлақтың көзін ашқан,Бар білім бастауыштан қалыптасқан» атты апталық ашылуы өтілді.1-4 сынып          оқушылары өз өнерлерін көрсетіп,3-сынып оқушылары тақпақтармен ән-күй шырқалып,көрме ұйымдастырылды.Жауапты:3-свнвп ұстаздары:Дикамбаева.М,Жаулыбаева.Ж,Өмірбекова.П,Манат.Г апайлар болды.   Хол безендіріліп,1-4 сынып оқушылар қатысты.Өз өнерлерімен бөлісті және   мектеп директоры мен тәрбие ісінің меңгерушілері қатысты.  


            «Бастауыш- білім бастауы» апталықтың ашылу күні.

  23.11.2021 күні Күзгі табиғат көріністері.(Көркем еңбек) Қолөнер шеберлері           1-сынып оқушылары арасында қолөнерден сайыс ұйымдастырылды. 1 «А,Ә,Б,В» сынып оқушылары қатысып,күзгі табиғат байлықтарын тамашаладық.Қатысқан оқушыларға орындар беріліп,марапатталып,болашақта биіктен көрінетіндеріне алғыс білдірілді.                     

   «Әдемі жазу-өнер»тақырыбына 1-сынып оқушыларының жазу дағдыларын қалаптастыру мақсатында көркем жазулары тексеріліп,оқу бағдарламасына сай қалыптасқандығы көрінді.Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндердің талапқа сай дағдыланып,қалыптасқаны байқалды.Аталған жұмысқа Манат Г,Джолдасбаева Қ,Құниязова Динара апайлар жауапты болдып,оқушылардың жұмысын бағалап,алғыс хаттармен марапатталды.

2-сынып оқушылары арасында 24.11.2021күні «Ертегі сыр шертеді»(Ертегілер   еліне саяхат) және «Сурет салу-өнер»атты байқаулар жүргізілді.Әр сынып еркін тақырыпта ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп,алуан түрлі рөлдерді орындап,өздерінің алғырлықтарын танытты.

 Оқушылар аталған жұмыстарын таныстырып,ұстаздардың ықыласына бөленді.Балалардың ұшқыр ойлы,бірінен-бірі асып,таласа жарысқаны үлкен  қуаныш ұялатты.Аталған жұмыстқа жауапты Карменова К,Ерешова Кенжеханым,Қасымбекова Манар апайлар ұйымдастырып,оқушылардың    жетістігін айтып марапаттады.


      3-сынып оқушылары арасында 25.11.2021 күні «Кім жүйрік»                    (Математика әлеміне саяхат,көбейту кестесінен сайыс)ұйымдастырылды.   Байгулова Р,Ауғанбаева Н,Әліпбаева Ләззат апайлардың басшылығымен                  3-сынып оқушылары математика пәнінен сауаттылықтарын,алғырлықтарын,       есеп-қисаптың қыр-сырын, шешу жолдарын,пәнге деген сүйіспеншіліктерін байқатты.

             Оқушылардың көбейту кестесін жатық меңгеріп,машықтанғаны әр тарауға байланысты берілген есептерді қызыға,емін-еркін орындап,тест жұмыстарына алғырлық танытқанын байқадық.Аталған сынып оқушылары ішінен ең үзідік    деген оқушыларды мадақтап,құттықтап,алғыс білдірдік.

 26.11.2021 күні 2-4 сынып оқушылары арасында «Өлмейтұғын артына із қалдырған»Еркін тақырыпта өлең оқумен кітап оқуға оқушыларды дағдыландыру.Президентіміздің « Кітап оқуға-құштарлық»таныту мақсатымен минутқа оқу мен түсінгенін баяндап(мәнерлеп оқу) сайысы өткізілді.Аталған  шараға 2-4 сынып оқушылары өте белсенділік танытты.Балалардың сайыстар       мен жарыстарды сағынып,аңсағандары байқалады.Оқушылар алуан тақырыпта мәнері мен екпіндетіп шырқағанда таңданып,тамсандық.Осы іс-шараларды ӘЖ Дикамбаева М,Жаулыбаева Ж,Ақманбетова Г,Манат Гулнар апайлар өткізіп,балаларды видео,аудио жазбаларына жазып,ішінен жүйріктері танылып,   әділ бағаланды.Қатысқан балапандар марапатталып,бір-біріне алғыс жаудырды.Бастауыш сынып оқушылары үшін сайысқа қатысу үлкен жауапкершілікті танытады.Олар бар ықыласымен дайындықпен келген.

 

«Өлмейтұғын артыны із қалдырған» мәнерлеп оқу сайысынан көрініс.

  26.11.2021 күні 4-сынып ұстаздары Алтаева К,Карменова Г,Куденова Ж,          Құниязова Динара апайлардың басшылығымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері» тақырыбында мектеп ұстаздарымен семинар өткізілді.Мұндағы мақсатымыз жаңартылған бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жандандырып,ұстаздармен етене,тығыз байланысып,оқушылардың білім-біліктерін дамытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып,дарынды оқушыларды алға ұмтылдыру.Білім сапасын арттыру.Алдымен Құниязова Динара апай тақырыпқа тоқталып,мән-мағынасын ашып жаңа технологияларды өз сабағында қалай жүзеге асырытындығын бөлісіп,айтып берді.Карменова Гулшекер апай «Бір таңбалы санды,екі       таңбалы санға көбейту»тақырыбына тамаша жұмыс жүргізілді.Топқа бөлініп,қызықты жұмыс  жүргізілді.Бір таңбалы,екі таңбалы қалай көбейту жолдарының әдіс-тісілдерімен бөлісті.Алуан тапсырмалар орындаған ұстаздар қызыға кіріісіп,уақыттың өткенін де байқамады.

   Жұмысқа белсене қатысқан ұстаздар балаша қуанып,өз алғыстарын жеткізіп жатты.Соңынан Гулшекер апай жас ұстаздардың білгірлігі мен тапқырлықтарын айтып,болашақта белді ұстаз болып,халық балаларының игілігі үшін мықты       ұстаз болатынына тоқталып,жақсы тілектермен, медальдармен марапаттады.                          Куденова Жанар апай сергіту сәтін орындату арқылы оқушылардың ақыл-ойы     мен шапшаңдығын 1-2 минут ішінде арттыру жолдарын көрсетті.                     Алтаева Кулпан апай семинардың негізі тақырыбын ашып,сабақта               қолданылатын тиімді әдіс-тәсіл түрлерімен бөлісті.Оқушылармен

 ғылыми-жобамен қалай жұмыс жүру,жаңа технологияларды сабақта қолдану жолдарымен таныстырып,ортаға салды.Ұстаздар топта балаша қызығушылықпен жұмыс жүргіп,әр берілген тапсырманы жете орындап,түртіп отырды. 

Семинар өте тамаша өтіп,мұғалімдер алғыс жаудырып,соңы Гулшекер апайдың оқушыларын қуантқандай тәттілер таратып,сабаққа қатысушыларды мадақтау-      мен аяқталды.Семинарда ұстаздар өздеріне керек көп ақпарат алып,жас             мамандар өз ойларын ортаға салып бөлісті.Жалпы семинарлардың жиі өтіліп,     жаңа бағдарлама,жаңалықтар ортаға салынып,ұжымда талқыланғаны оңтайлы           көз-қарас туғызды.

«Бітіп жатқан бұлақтың көзін ашқан Бар білім бастауыштан қалыптасқан» атты бастауыш сынып апталығы 22.11.-26.11.2021 аралығында өткен апталық семинармен аяқталып,оқушылардың жұмыстары бағаланып,мақтау мен алғыс хаттар табысталды.Апталықтың мақсаты оқушылардың алуан түрлі атқарған жұмыстарын жандандыру,Үнемі жаңашылдыққа,білімділікке,мектептен тыс іс-шаралардың да алға жүруін,жаңа технологияларды қолдану арқылы білімді арттырып,жаңашылдыққа ұмтылдыру.

 Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып,жетістіктерін қуаныштарын           жасыра алмады.Апталық қортындысы бастауыш сынып мұғалімдерімен талқыланып,алдағы уақытта ауқымды іс-шаралармен семинпрлар өткіземіз  деген ойдамыз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив