Алматы қаласы Білім басқармасының
"Әл-Фараби атындағы
№145 Гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 242-53-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-90-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сабақты зерттеу (LS) – біздің іс-тәжірибемізде
29
январь
2021

Сабақты зерттеу (LS) – біздің іс-тәжірибемізде


Нургалиева Сауле Балгазиевна

Көркем еңбек, графика және 

жобалау пәндерінің мұғалімі, 

Әл-Фараби атындағы №145 ЖББМ

87021864562, 

nurgalieva_62@list.ru 


“БІРГЕ ЖИНАЛУ – БҰЛ БАСТАМА. БІРГЕ БОЛУ – БҰЛ ІЛГЕРЛЕУ. БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ – БҰЛ ЖЕТІСТІК”

Генри Форд 

Тақырыбы:             

Сабақты зерттеу (LS) – біздің іс-тәжірибемізде


Мақсаты:          

  • Зерттеу шараларына қатысу арқылы оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал жасау.
  • Мұғалімдердің сабақты зерттеу дағдыларын қалыптастыру.


Мен сіздермен керемет оймен бөліскім келеді. Лессон стадиді алғашында мектептегі іс-тәжірибемізге енгізу қиынға соқты. Дей тұрғанмен біздің ұжым өте тиімді жол таңдады. Оның бір кереметтігі мұғалімдерге «Сабағыңызды керемет дәрежеде өткізгіңіз келе ме?» сауалынан бастадық. Ендеше, өзіңізге жаныңызға  жақын, ойлауы мен іс-тәжәрибесімен бөлісе алатын әріптестер таңдаңыз. Келесі сатыда өзінің сабақ жоспарын  жоспарлауда  шығармашылық топтың көмегіне сүйеніп, керемет сабақ өткізуге және кері байланыс алуға мүмкіндік алды және де келесі сабағының одан да ұтымды жақтарын қарастырды. Осы бір керемет жұмыстың арқасында бір-бірімізге қолдау мен көмек көрсету негізінде зерттеу сабағын қалай бастап кеткенін білмей қалдық. Мұғалімдер лессон стадиді іс-әрекетті зерттеудің соншалықты керемет іс-тәжірибе екенін, ол арқылы ашық сабақты бірге талдауға болатынын, тіпті бұл ғылым жолына әкелетінін байқамай қалды. Әрине, бастапқыда ойлаған едік, зерттеу жұмысы терең ғылыми білімді талап ететін болар деп. Бірақ артынан түсіндік, сабақты зерттеу тәсілі өте қарапайым идея екенін. Ең қызығы, сабақты зерттеу арқылы өзіміздің кемшіліктерімізді көре бастадық. 



Біздер лессон стадиді таңдау себебіміз:  

  • Пән мұғалімдерінің   ашық сабақ берудегі қорқынышын жеңу; (Сондықтан біз лессон стадиді ашық сабақты өткізуге көмек ретінде пайдаланып, білдіртпей, байқатпай, біртіндеп еңгізе бастадық) 
  • Кез-келген мұғалімнің өз іс-тәжірибесімен бөлісе алатындығы;
  • Сабақты әрдайым жетілдіріп отыру;
  • Ой бөлісу, ой қосу ұжымдық болған жағдайда ғана өз нәтижесін беретінін  сезіндіру; (Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас)
  • Нәтижесінде мұғалімге зерттеудің керемет екенін сезіндіру, ғылым жолына жол ашуы;

Әрине, ұйымдастырушы топ оған дейін біліктілік курстарынан өтіп, семинарларға қатысып дайын болды. Әлем өзгере бастағанда, біз де өзгеруіміз керек болды. Шығармашылық топта 6 адам болды, директор, әкімшілік, деңгейлік бітірген мұғалімдер. Зерттеушілер тобы алғашында  бірлестіктерге бөлініп, әдістемелік көмек бере бастады (коучинг, тәлімгерлік, жоспарлау, ашық сабақтар, талдау, талқылау). Тәжірибеге жаңалық еңгізу үшін қолайлы, жақсы педагогикалық кәсіби орта қалыптастыру керек болды. Міне, осы кезде басшыларымыздың ұсынған сабақты зерттеу тәсілі біртіндеп еңгізіле бастады. Ұйымдастырушы, басқарушы топтың алдында  кедергілер болды: жаңашылдықты қабылдамау, өзгеруден қорқу, сенімсіздік, уақыттың жоқтығын сылтаулау, рефлексия жасағысы келмеу, қате жіберуден қорқу т.б. 

Сонымен, мұғалімдер дәстүрлі сабақтан жаңаша сабаққа байқамай ауыса бастады. Осы арқылы мұғалім қарапайымнан күрделіге, сатылы- кешенді түрде Блум таксономиясының баспалдағы арқылы көтерілуге өздеріне жол салды. Мұғалімдер «Білу»  арқылы сабақты жоспарлауды білді, «Қолдану» сатысында осы әрекетті сабақты талдау арқылы қолдануларына мүмкіндік алып, «Талдау» мен «Жинақтау» сатыларында бірге қосылып өткізген сабақты талдау, талқылау жасап, лессон стадиді қалай бастап кеткенін білмей қалды.  Нәтижесінде мұғалімдер бірлесу арқылы сабақты жоспарлауды үйренді,  ақылдасу арқылы тәжірибелері жақсара бастады, бір-бірін қолдау арқылы іс-әрекеттері жеңілдеді.  «Бағалау» сатысында  нәтижеге қол жеткізе бастағанда мұғалімдер сабақты зерттеу арқылы дарынды және талантты баланы тәрбиелеуге болады екендерін түсінгені бәріміз үшін жаңалық болды. Мұғалімдер талдау жасай отырып, өзін-өзі бағалау сатысына келіп, жоспарлаған жұмысын зерттеу сабағы арқылы іске асыруға болатынына көзін жеткізді. Сабақты зерттеудің мақсаты тек қана топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал жасау ғана емес, сонымен қоса, оқушылардың білім алуына көмектесу. Осы бағытта керемет нәтижелерге жеткеніміз – ол оқушының білім алуына жағдай жасап, сабаққа дейін, сабақтан кейін үнемі сұхбаттасып, баланың ішкі жан-дүниесіне үңіліп, оның мұң-мұқтажын, сұранысын ескеріп, саралау әдісі арқылы әр оқушының оқудағы қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік жасадық.

 Шығармашылық топтың негізгі таңдап алған зерттеу тақырыбы дарынды және талантты балалармен жұмыс. Нәтижесі көп күттірмеді: бақылаудағы оқушының бірі мұғалімдердің тынымсыз еңбегінің ( талантты балаларға үнемі қолдау көрсетіп, олардың мінез құлқындағы өзгерістерге дайын болу керек екенін біз үнемі ескеріп отырамыз) арқасында «Ұрпаққа аманат» атты қолөнер көрмесінде Республика бойынша 1 орынға ие болып, Халықаралық қолөнер сайысына жолдама алып,  Қазақстан Республикасы атынан Япония мемлекетінің Иокогама қаласында өткен Халықаралық қолөнер көрмесінде 24 Азия мемлекеттердің ішінен ГРАН-ПРИ-ге ие болды. Екі жылдан соң бақылаудағы тағы бір оқушымыз Алматы қаласында өткен өнер байқауында 1 орын жеңіп алып, Павлодар қаласында өткен Республикалық өнер додасында жүлделі 1 орынға қол жеткізді. Бұл жетістіктер тікелей шығрмашылық топтың еңбегінің нәтижесі. Себебі біздер баланы жан-жақты зерттеп, оның бойынан таланттың ұшқынын байқап, оған қолдау мен көмек көрсету арқылы бақылауға алып, әр сабақта оның әрекетін бақылап, оның пікірімен санасып, оған білім алуына және ішікі потенциалының ашылуына мүмкіндік жасадық деп ауыз толтырып айтуға болады. 

Сабақты зерттеу тәсілінің біздер үшін ең тиімді жағы, ол мұғалімнің кәсіби дамуына керемет әсерін тигізеді екен. Мектепте кәсіби орта қалыптаса бастады, біз бір-бірімізге ашық пікір айтып, өз идеяларымызбен бөлісіп, өзгенің идеясын қабылдай алуға, бір-бірімізден үйренуге дайын болдық. Қорыта келе, нәтижесінде мұғалімдердің зерттеу дағдылары дами бастады, кәсіби шеберліктерін арттыруға ынталанды және мұғалімдер өзін-өзі дамытуға мүмкіндік алып, рухани құндылыққа ие болды. Мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеу мәдениеті қалыптасты, табысқа бірге жетудің жолдарын таңдай бастады. Сонымен қоса мектептің де жұмысы жетіле бастады.










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив